Follow Me

Close

Қызылордада тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау кешені салынады


ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат — Қызылорда қаласында тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру мақсатында қалдықтарды сұрыптау кешені салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде қолға алынып отыр. Сұрыптау кешенінің жылдық қуаты 60 мың тонна.

«Тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру үлкен мақсатқа ие болып келеді. Еліміздің көптеген қалаларында оны игеру мәселесі түйткілді проблемаға айналған», — деді Қазақстан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тапсырыс берушілер қауымдастығының президенті Руслан Досмаханов.

Қызылорда облысында жылына 148 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылады. Мұндай қалдықтарды жинақтайтын 145 полигон бар. Дегенмен олардың үштен біріне жуығы ғана қайта өңделеді.

Сондай-ақ, алдағы уақытта Сыр өңірінде жарық диодты шамдарды пайдалану жоспарланып отыр. Ол энергияны 50 процентке дейін үнемдейді.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/kyzylordada-turmystyk-kaldyktardy-suryptau-kesheni-salynady_a3474580”